16 апреля 2025 01:04
Количество просмотров: 828
2025 жылдың 16-17 сәуірінде Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының үздік студенттері Өскемен қаласының Согра кентінде орналасқан алпауыт зауыт- Өскемен титан-магний комбинатының мұражайына экскурсияға барды. Бүгінде «ӨТМК» АҚ әлемдік титан нарығының көшбасшысы мәртебесіне ие. Бұл озық технологиялардың тұрақты дамуы мен комбинат қызметкерлерінің жанқиярлық еңбегінің арқасында мүмкін болды, бұл шығарылатын өнімнің тұрақты жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Экскурсия барысында білім алушылар зауыттың тарихы өткен ғасырдың екінші жартысында-әуе және ғарыш кеңістігін белсенді игеру кезінде басталғанын, аэроғарыш өнеркәсібінің орасан зор қажеттіліктері «қанатты» металл өндірісін құруға және дамытуға әкелгенін танып білді. Қызығушылық танытқан білім алушылар озық ғылыми-техникалық идеялар, өнімділігі жоғары жабдықтар, түрлі салалардың үздік мамандары қазақстандық титан мен магний өндірісінің негізіне айналғанын тамашалап қайтты.
«ӨТМК» АҚ құрылуына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылған экскурсия үшін «ӨТМК» АҚ Президенті Мамутова Асем Тлековна мен қызметкерлеріне алғыс білдіреміз!