25 октября 2025 03:10
Количество просмотров: 146
2025 жылғы 25 қазаны күні Астана қаласында Bilim-orkeniety Ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының бастамасымен «Егемендік тірегі-адал азамат» форумы өтті.
Форум мақсаты - түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, ортақ мәдени және рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ жас буын өкілдерінің білім, ғылым және шығармашылық салаларындағы жетістіктерін таныту.
Форум аясында 2-кезеңге өткен студенттер түркі халықтарының үздік студенттері ретінде марапатталып, елдер арасындағы достық пен бірлікті одан әрі дамытуға үлес қосты.
Іс-шара барысында оқу орнымыздың «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің 4-курс (22-ШТ-1 тобы) білім алушылары Қожахметова Алуа мен Хамзина Сезім «Түркі халықтарының үздік студенті» атанып І дәрежелі дипломдармен және төс белгімен марапатталды.
Бұл форум – жас ұрпақтың рухани және зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды алаң болды. Осындай халықаралық деңгейдегі іс-шаралар студенттердің кәсіби, мәдени және азаматтық көзқарасын қалыптастырып, олардың ел дамуына үлес қосуға деген ынтасын арттырады.