25 октября 2025 12:10
Количество просмотров: 117
2025 жылдың 25 қазан күні колледжде Arystar CUP IX қалалық дебат турнирі өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің интеллектуалды дебат клубы «Arystar Amanaty» болды.
Турнирге келесі оқу орындарының студенттері қатысты: С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжі, ҚАЕУ жоғары колледжі, Жоғары политехникалық колледж, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ жоғары IT колледжі, Жоғары медициналық колледж, Шығыс техникалық-гуманитарлық колледж, сондай-ақ жоғары оқу орындарынан: С.Аманжолов атындағы ШҚУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ, ҚАЕУ студенттері және қаламыздың мектеп оқушылары – Назарбаев Зияткерлік мектебі мен №49 орта мектептің оқушылары қатысты.