23 сентября 2022 01:09
Количество просмотров: 1545
2022 жылдың 12-19 қыркүйек аралығында Алматы қаласында батутты гимнастикадан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған чемпионатта Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 1 курс студенті Смотрикова Виталия 1 орынды иеленді.
Батутты гимнастикадан ҚР құрамасына кіре отырып, біздің студент 2022 жылдың қараша айында Болгарияның София қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.
Спортшы студентімізді жеңісімен құттықтаймыз!