Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Баясылова Альбина командасының кезекті жеңісі

Очередная победа команды Баясыловой Альбины Очередная победа команды Баясыловой Альбины Очередная победа команды Баясыловой Альбины

22 сентября 2022 04:09

Количество просмотров: 1527

2022 жылғы 9-17 қыркүйек аралығында Чолпон-Ата қаласында өткен XXII Халықаралық Ыстықкөл спорт ойындарына Алтай қаласының футболшы қыздар командасы қатысты. Халықаралық Ыстықкөл спорт ойындары «Азия – достастық пен келісім өңірі» ұранымен 2001 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді және шағын футбол әлемінде үлкен танымалдылыққа ие болуда.

Ыстықкөл ойындары дене шынықтыру сауықтыру, бұқаралық жұмысты дамыту, халықтар мен спорт ұйымдары арасындағы достықты нығайту мақсатында өткізілді. Жарысқа әр елден алты команда қатысты, Қазақстан Республикасының атынан біздің колледждің «Тіл және әдебиет»      мамандығының 4-курс студенті Баясылова Альбина капитаны болып табылатын мини-футбол командасы шықты. Қыздар аса тартысты өткен сайыс финалында Қырғызстан құрамасын 3:2 есебімен ұтып, жеңіске жетті.

Альбина өз сөзінде асқан ризашылықпен: «Жарыс өте қызықты болды, өйткені біздің артымызда бүкіл Қазақстан тұрды. Еліміздің атын мақтанышпен қорғап, көк туымызды биікте желбіретіп, жеңіс тұғырына көтерілдік. Сайысқа қатысуға қолдау көрсетіп, нәтижесін тағатсыздана күткен колледжіме, барша жанкүйерлерімізге үлкен алғысымды айтқым келеді» деді.