18 апреля 2022 04:04
Количество просмотров: 1756
Ағымдағы жылдың 16 сәуір күні Өскемен қаласында 14-29 жас аралығындағы жастар арасында Өскемен әкімдігінің қолдауымен «Жаңа Қазақстанға бір қадам» атты «Oskemen Cup 2022» қалалық пікірсайыс турниры өтті.
Аталған турнирге 28 фракция бақ сынасып, 5 раунд бойы жүлде үшін тартысты ойындар көрсетті. Қорытынды шешім бойынша біздің колледждің «Arystar Amanaty» дебат клубының координаторы 3-курс студенті Қуанышбаева Айдана Алтайбекқызы, 2-орынды иеленіп, 30.000 тг жүлде қорын ұтса, клубтың экс-координаторы, 4-курс студенті Ғинаятова Зарина Архатқызы, «Үздік төреші» номинациясын жеңіп, 20.000 тг жүлде қорымен марапатталды.