15 апреля 2022 04:04
Количество просмотров: 1762
2022 жылдың 15 сәуірінде «Ғылым және инновация – жастар болашағы» атты ғылым және шығармашылық апталығы аясында «Колледж дауысы - 2022» қалалық ТжКББҰ білім алушылары арасындағы байқау өтті.
Байқауға барлығы 15 оқу орнының өнерпаздары қатысып, бақ сынасты.
Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің «Хор дирижері» бөлімінің оқытушысы Р.А.Бактканов, «Ән айту» бөлімінің оқытушысы А.Ж.Байбусынова, «Хормен ән айту» бөлімінің оқытушысы Ж.М.Канапина сынды әділқазылар алқасының мүшелері байқауға қатысушыларға әділ бағаларын берді.
Байқау қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар берілді:
Бас жүлде – З.Мануленова, Абай атындағы ШҚГК
І орын – И.Ю.Майер, ШҚО Бб «Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі» КММ
ІІ орын – М.Дулатқызы, Абай атындағы ШҚГК
ІІІ орын – Е.Ерлікұлы, ҚАЕУ
Жеңімпаздарды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!