Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

Қалалық пікірсайыс турнирі

Городской дебатный турнир Городской дебатный турнир Городской дебатный турнир

12 ноября 2023 06:11

Количество просмотров: 299


2023 жылғы 12 қарашада Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі мен Өскемен қалалық пікірсайыс қауымдастығы ұйымдастырған «ARYSTAR CUP-VI» қалалық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнир «Британдық парламенттік Формат» және «Линкольн Дуглас» форматтарында болды.

Турнир жеңімпаздары:

І орын – «Жұлдыз» командасы Тоқтарғалиев Айбек (Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ оқытушысы) және Кенжехан Ерсін (С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенті);

ІІ орын – «Кубок» командасы Турманбетова Жұлдызай және Мукамет Марина (С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері);

ІІІ орын – «Мотивация» командасы Сайкен Али мен Рафгатұлы Расул (С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері).

Финалға «Камри» командасы Бейбитұлы Эльдос (С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенті) және Серикбаев Динара («Математика, физика, информатика пәндерінен дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей» КММ) шықты.

«Үздік спикер» номинациясын Заканова Аяна (Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенті), «Үздік судья» номинациясын Макаримов Бақытжан Маратұлы (Жоғары политехникалық колледж оқытушысы) иеленді.

Қалалық пікірталастарды ұйымдастырушылар: Кырмоллаева Амина, Кенесова Каракат, Уланкадырова Аружан, Шарипханова Акбота, Маргарапова Алина, Жумабай Маржан (22-ШТ-1 тобының студенттері), Айзере Борантаевна (23-шт-2 тобының студенті), Быржанова Аружан, Умурзакова Наила 23-МД-2 тобы.