Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

Халықаралық І ғылыми-тәжірибелік конференция

І-ая международная научно-практическая конференция І-ая международная научно-практическая конференция І-ая международная научно-практическая конференция І-ая международная научно-практическая конференция І-ая международная научно-практическая конференция І-ая международная научно-практическая конференция

26 апреля 2024 04:04

Количество просмотров: 69

2024 жылдың 26 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы және Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен «Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» халықаралық І ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға Ресей, Қырғызстан және Қазақстан республикасының педагогикалық колледждерінің студенттері және олардың жетекшілері қатысты. Конференцияның мақсаты: кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту, инновациялық тәсілдер мен тәжірибеге бағдарланған оқыту саласындағы заманауи жетістіктерімен тәжірибе алмасу.

Пленарлық отырыста Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы Утепова Замзагуль Шаймухамедовна, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің директоры, т.ғ.к. Курманов Фархад Саканович, Қырғызстан Республикасы Таштан Эрматов атындағы Бішкек музыкалық-педагогикалық колледжінің директоры Турдалиев Уланбек Маткаримович алғы сөз сөйлеп қатысушыларға сәттілік тіледі.

Конференцияға 200-ден астам өтініштер қабылданып, солардың ішінен сарапшылар кеңесімен 45 үздік баяндама іріктеліп, сессиялық отырыста келесі бағыттар бойынша: «Білім берудегі инновациялық ізденістер», «Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас: заман талабы және болашақ», «Білім беру жүйесіндегі цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері» өз жұмыстарын қорғады.