3 апреля 2023 11:04
Количество просмотров: 1315
Біздің студенттер керемет актерлер! Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының сахнасында екінші рет Чарльз Диккенстің туындысы бойынша «Жетімдер» қайырымдылық спектаклі сахналады.
2023 жылғы 2 сәуірде Өскемен қаласының тұрғындары жастардың талантттарына тәнті болып, ерекше көңіл-күйде қайтты. «Жетімдер» спектаклінде біздің студенттер актерлік шебеліктерімен көзге түсіп, көрермендер көзайымына айналды, атап айтсақ, Төлеубекова Айдана (20-ШТ-2 тобы), Ержанов Серікжан (21-ББ-2 тобы), Тұрарбек Үкіләй (21-ББ-2 тобы), Керімкұл Алуа (20-ББТ-1 тобы), Рахым Әсем (20-ББ-1 тобы).
Театр қойылымы үшін түскен ақша көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталды. Спектакльді «ТеатраАЛЛ» театр өнер мектебі ұйымдастырды.