Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

«Бестемше» зияткерлік ойыны

Интеллектуальная игра «Бестемше» Интеллектуальная игра «Бестемше» Интеллектуальная игра «Бестемше» Интеллектуальная игра «Бестемше»

18 февраля 2025 09:02

Количество просмотров: 984


2025 жылдың 18 ақпан күні «Мектепке дейінгі педагогика және арнайы пәндер» пәндер бірлестігінің апталығы аясында «Бестемше ұлттық ойынның жаңашылдығы – қазақ мәдениетінің үйлесімі» атты зияткерлік сайысы өтті. Зияткерлік сайыстың мақсаты – қазақтың ежелгі бестемше зияткерлік ойынын жаңғырту арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, педагогтердің зейінін шоғырландыру, логикалық ойлауларын дамыту.

Тартысты бәсекеге толы сайысқа колледж ұстаздары белсене қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша арнайы пәндер оқытушысы Сыдыкова Альбина Еримханқызы «Жеңіс шыңы» финалдық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Ұлттық «Бестемше» зияткерлік ойынын ұйымдастырған «Мектепке дейінгі педагогика және арнайы пәндер» бірлестігінің оқытушылары А.С.Вакасоваға, С.Е.Тюлекпаеваға алғыс білдіреміз.