18 февраля 2025 05:02
Количество просмотров: 1061
18.02.2025 жылы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде 01140100 «Бастауыш бiлiм беру педагогикасы мен әдістемесі», біліктілігі 4S01140101 «Бастауыш бiлiм беру мұғалімі» мамандығы білім алушылары «Мектептегі байқау практикасы» бойынша қорытынды конференциясы өтті, топтың практика жетекшісі Г.Ж. Токатова. Конференцияға директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары А. Р. Аубакирова, арнайы пәндер оқытушылары қатысты. Білім алушылар ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ, ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№45 орта бейіндік мектебі» КММ, ШҚО білім басқармасы Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі» КММ, ШҚО Білім басқармасы Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясы» КММ педагогикалық практикадан өтті.
Практика барысында білім алушыларға өздерінің педагогикалық қабілеттерін, педагогикалық техникасын, шығармашылығын, балаларды оқыту және тәрбиелеу тәсілдерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Конференция барысында 2 курс білім алушылары өздерінің теориялық білімдерін мектептегі байқау практика барысында қолдана отырып, шығармашылық қабілеттерін, жаңа педагогикалық технологиялар мен ақпараттық- коммуникативтік іскерліктерін шыңдауға зор мүмкіндік алды. Іс- тәжірибе нәтижесін білім алушылар тәрбие жұмысы барысында қолданған түрлі әдістемелік әдіс- тәсілдермен, шеберлік сағаттарын өткізу арқылы өз жетістіктерін көрсетіп, мектеп барысындағы практика қорытындысымен бөлісті. Конференция соңында қорытындылар мен ұсыныстар жасалды.
Бұл конференция білім алушылардың құзыреттілігі мен сабақтастығын, ұжымда жұмыс істей білудің бірлігін, студенттердің сынып жетекшісі рөліндегі кәсіби қызметке дайындығының нәтижесін көрсетті.