10 декабря 2024 01:12
Количество просмотров: 815
2024 жылдың 10 желтоқсаны күні «Әлеуметтік экономикалық және ғылыми-жаратылыстану» пән бірлестігінің апталық жоспарына сәйкес «Әлеуметтік-экономикалық және ғылыми жаратылыстану әлеміне саяхат» атты интеллектуалды ойыны өтті.
Интеллектуалды ойынға оқу орнымыздың оқытушылары мен студенттері қатысты.
Ойын нәтижесі бойынша І орын «Дене тәрбиесі және спорт», ІІ орын «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», ІІІ орын «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының оқытушылары мен студенттері жеңіп алды.
Жеңіске жеткен мамандық оқытушылары мен студенттерін лайықты жеңістерімен құттықтаймыз.