11 декабря 2024 01:12
Количество просмотров: 727
2024 жылдың 11 желтоқсаны күні «Әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-жаратылыстану» пән бірлестігі оқытушыларының ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында «Құрмет» орденінің иегері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қанипа Бітібаева атындағы ІІІ Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада қатысушыларының жетекшілерімен танымдық ойын өтті.
Ойын барысында қатысушылар тарих, экономика, құқық пәндерінен теориялық білімдерін еске түсірсе, химия, биология пәндері бойынша тәжірибе жасады. География пәнінен картамен жұмыс сәтті орындалды. Ойын қызықты өтіп, қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.