8 декабря 2025 04:12
Количество просмотров: 94
2025 жылдың 8 желтоқсанында колледжімізде «Әлеуметтік-экономикалық және ғылыми жаратылыстану» пәндер бірлестігінің апталығы аясында «Алтын тамыр: Қазақстан тарихы мен Ұлы дала мұрасының сабақтастығы» атты тарихи-танымдық кездесу өтті.
Іс-шараға 1 курс студенттері мен ШҚО тарихи-мәдени мұраны қорғау мекемесінің мамандары қатысты. Кездесу барысында төмендегі мақсаттар жүзеге асты:
- Шығыс Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштермен таныстыру;
- Қазақстан тарихы мен Ұлы Дала мұрасының байланысын көрсету;
- Студенттердің тарихи танымын және презентациялық қабілеттерін дамыту;
- Ұлттық мәдени мұраға деген құрметті қалыптастыру.
Білім алушылар өңірдегі тарихи-мәдени нысандар туралы мазмұнды презентациялар ұсынып, үздік шыққан студенттер дипломдармен марапатталды.
Тарих пен мәдени мұраға құрмет – болашақтың берік іргетасы, алтын тамыры!