Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Колледж біріншілігі

12 декабря 2025 04:12

Количество просмотров: 103

2025 жылдың 11 желтоқсаны күні колледждің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы А.Т.Оналбаевтың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған пневматикалық винтовкадан ату бойынша Абай атындағы ШҚГК мен Өскемен стоматологиялық колледждерінің 1 курс студенттері арасында колледж біріншілігі өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Абай атындағы ШҚГК І орынды жеңіп алды. Жекелей нәтиже бойынша ұлдар арасында І орынды Өскемен стоматологиялық колледжінің студенттері, ал қыздар арасында І орынды Абай атындағы ШҚГК студенттері иеленді.

Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, екі оқу орны студенттері өз шеберліктері мен дайындықтарын көрсетті. Қатысушылардың белсенділігі мен жоғары нәтижелері мерекелік шараның мәнін арттыра түсті. Бұл сайыс студенттердің спортқа қызығушылығын дамытып, колледждер арасындағы достық және ынтымақтастық байланыстарды нығайтуға ықпал етті.