Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық байқауының қорытындысы

6 декабря 2022 04:12

Количество просмотров: 603

Ағымдағы жылдың қазан айында «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» жобасының өңірлік кезеңі өтті. Шығыс Қазақстан облысының 22 колледжінен 27 үміткердің ішінен Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 4-курс студенті Касенова Жанерке өңірдегі үздік 10 колледж студенттерінің қатарына енді.

Үздік студент байқауының республикалық кезеңі қараша айында әлеуметтік желілерде дауыс беру арқылы жүзеге асты.

Еліміздің 17 облысынан 200 студент қатысқан «Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық байқауының қорытындысы бойынша 100 Үздік студент қана жеңіске жетті.

Жоба қорытындысы бойынша колледж студенті Жанерке бесінші орынға шықты. Осылайша 100 үздік студенттің қатарына енді.

Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау 8 желтоқсанда 2022 жылы Астана қаласында өтеді.