25 февраля 2025 04:02
Количество просмотров: 769
2025 жылғы 25 ақпанда 01120100 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы 24-МД-2 тобының «Байқау практикасы» қорытынды конференциясы өтті.Білім алушылар Өскемен қаласы ЖШС «МURAGER» балабақшасынан және ШҚО «АЗАМАТ AS» ЖШС орталықтарынан іс- тәжірибеден өтті. Бұл кезең білім алушылар үшін іс- тәжірибе жолындағы маңызды кезең, өйткені теориялық білімдерін практикада қолдануға ғана емес, сонымен қатар тәрбиеші рөлін атқарып және балабақшадағы білім беру процесін ұйымдастыруға қатысу арқылы оларға нақты педагогикалық қызметке енуге мүмкіндік берді. Білім алушылар балабақша жұмысының негізгі бағыттары туралы білімдерін толықтырып, кішкентай бүлдіршіндерді тәрбиелеу және оқыту процесінде білім беру стандарттарын сақтау қаншалықты маңызды екенін түсінді. Колледж білім алушылары практика жоспарын толығымен орындап, қоржындарына алғашқы кәсіби тәжірибелерін жинақтап келді.