24 февраля 2025 05:02
Количество просмотров: 1370
«Педагогика және психология» пән бірлестігі апталығы аясында 2025 жылдың 24 ақпаны күні «Білу, ұмыту мүмкін емес!» педагогикалық квиз ойыны өтті. Ойынға «Бастауыш білім беру», «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Шетел тілі мұғалімі» біліктіліктерінің 2-курс студенттері қатысты.
Мақсаты - педагогика мен психология пәндерін оқуға деген қызығушылықтарын ояту, болашақ мұғалімдерді өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру, коммуникативті дағдылар мен топтық жұмысты дамыту. Психологиялық-педагогикалық терминологиямен жұмыс істей білу, практикалық жағдайларды шеше білуге дағдыландыру.
Ойын қорытынды бойынша І орынды «Болашақ тәлімгерлері» командасы (23-но-1 тобы), ІІ орынды «Психопедтер» командасы (23-ря-1 тобы), ІІІ орынды «Винчестер» командасы (23-иняз-1 тобы) жеңіп алды.