19 февраля 2025 04:02
Количество просмотров: 619
2025 жылдың 19 ақпан күні Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының, 4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша 22-ББ – 2 тобының «Мектептегі байқау практикасы» бойынша қорытынды конференциясы өтті.
Конференцияға директордың оқу-өндірістік ісі бойынша орынбасары А.Р. Аубакирова, практика жетекшілері және іс-тәжірибеден өткен білім алушылар қатысты. Бастауыш сынып мұғалімі мамандығының деңгейін көтеру мақсатында кәсіптік білім мен біліктілік, дағды мен ізденіс, іске шығармашылық мән беру, жаңашылдық пен ізгілік арқылы білім берудің сапасын жетілдіруге қойылатын талаптарды орындау негізінде білім алушылар ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №35, № 46 орта мектептері КММ және ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығынан» КММ педагогикалық практикадан өтті.
Білім алушылар конференция барысында қорытынды есептерін (презентация), бейнефильм, қойылым түрінде жасап, әдістемелік көрме ұйымдастырды. Сонымен қатар, топ білім алушылары конференцияда өз, практиканың қызықты сәттерінен көрініс көрсетіп, сабақ барысында қолданған қызықты әдіс- тәсілдерімен бөлісіп, тәжірибе алмасты.