19 февраля 2025 05:02
Количество просмотров: 759
2025 жылдың 19 ақпан күні Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде 01140500 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы, біліктілігі 401140503 «Спорт жаттықтырушысы- оқытушы» бойынша 22-СЖ-3 тобының «Байқау практикасы» бойынша қорытынды конференция өтті.Іс-тәжірибе барысында практика жетекшісі А.К. Мергенбаева болды.Білім алушылар ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Өскемен қаласының ат спортының ұлттық түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" КММ, «BATYR TOP team», «Зейін» спорт-білім орталығы, ШҚО «Зайсан ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ орталықтарынан тәжірибелік практикадан өтті. Бұл тәжірибе білім алушыларға тек теориялық білімдерін қолдануға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар кәсіби дағдыларын жетілдіруге, жаңа тәжірибе жинақтауға және білім алушыларды кәсіби маман ретінде дамытуға үлкен ықпал етті