18 марта 2026 09:03
Количество просмотров: 49
18.03.2026 ж. оқу орнымызға Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі ұжымы Көрісу күні – Амал мерекесі, сондай-ақ Ұлттық киім күнімен құттықтап келді.
Қонақтар ұлттық нақыштағы өнерлерін көрсетіп, қазақтың бай мәдениеті мен дәстүрін дәріптейтін әсерлі бағдарламаларын ұсынды. Кездесу барысында ұлттық құндылықтар кеңінен насихатталып, жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды.
Бұл тағылымды шара оқу орындары арасындағы шығармашылық байланысты нығайтып, ұлттық мәдениетімізді ұлықтауға өз үлесін қосты.