Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Ұлттық киім күні

День национальной одежды День национальной одежды День национальной одежды День национальной одежды День национальной одежды День национальной одежды День национальной одежды День национальной одежды

18 марта 2026 11:03

Количество просмотров: 143


18.03.2026 ж. оқу орнымызда «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі және информатика» бөлімінің ұйымдастыруымен «Наурызнама» онкүндігі аясында «Ұлттық киім күні» ерекше форматта аталып өтті.

Бұл күн ұлттық киімнің халықтың мәдени болмысы мен бірегейлігінің ажырамас бөлігі екенін насихаттауға арналды. Іс-шара барысында «ETHNO-MODERN 2026» дефиле-шоуы ұйымдастырылып, ұлттық нақыш пен заманауи сән үйлесім тапқан ерекше топтамалар көрермен назарына ұсынылды.

Дефиле барысында қазақ халқының бай мәдени мұрасы жаңа қырынан таныстырылып, ұлттық киімдердің заманауи үлгілері арқылы олардың сән әлеміндегі орны айқын көрініс тапты.

Ұлттық киім күні - халқымыздың рухани байлығын ұлықтаған ерекше күн болды. Бұл күн жастардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, ата дәстүрге деген сүйіспеншілігін нығайтты.