18 декабря 2025 04:12
Количество просмотров: 643
2025 жылдың 18 желтоқсанында оқу орнымыздың студенттері «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Колледж барысы – 2025» қазақ күресінен облыстық турнирге қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.
ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында өткен бұл жарыста «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 3-курс студенті Асхатұлы Расул (23-ДТ-1 тобы) І орынды, ал 4-курс студенті Мырзабек Ринат (22-СЖ-1 тобы) ІІІ орынды иеленді.
Жеңімпаздарды және оларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы Д.Е. Еркінбековті лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз