18 декабря 2025 04:12
Количество просмотров: 88
2025 жылдың 18 желтоқсаны күні оқу орнымыздың директоры, т.ғ.к. Фархад Сақанұлының бастамасымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің I шақырылым депутаты, қазақ тілінде тұңғыш жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңның авторы, 1997 жылғы «Жыл адамы», «Құрмет» ордені мен Моңғолияның жоғары марапаты — «Шыңғысхан» медалінің иегері, белгілі қаламгер, ақын, сазгер, журналист, заңгер Әкім Ысқақпен тағылымды кездесу өтті.
Кездесу барысында қонақ өзінің өмір жолы, шығармашылық және қоғамдық қызметі туралы ой бөлісіп, ел тәуелсіздігі, ұлттық құндылықтар, тіл тағдыры мен рухани тәрбие мәселелері жөнінде мазмұнды әңгіме өрбітті. Студенттер қаламгерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Іс-шара жастарды отансүйгіштікке, белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеуге, сондай-ақ рухани-мәдени құндылықтарды қадірлеуге бағытталды. Кездесу әсерлі өтіп, қатысушыларға ерекше рухани серпіліс сыйлады.