Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Тәжірибелік конференция

Конференция по практике Конференция по практике Конференция по практике

14 февраля 2025 11:02

Количество просмотров: 796

13.02.2025 жылы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде 01120100 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы, біліктілігі 4S01120102 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиешісі» кәсіптік практика бойынша қорытынды конференциялар өтті, практика жетекшілері мектепке дейінгі педагогика және арнайы пәндер оқытушылары И. Ж. Завалова, Г. А. Нургалиева. Конференцияға директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары А. Р. Аубакирова, арнайы пәндер оқытушылары Е. Г. Пискунова, О. Г. Сычева қатысты.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының базасында практиканы ұйымдастыру білім алушыларға өздерінің педагогикалық қабілеттерін, педагогикалық техникасын, шығармашылығын, балаларды тәрбиелеу тәсілдерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Конференция барысында 3-4 курс білім алушылары өздерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын, шығармашылық қабілеттері мен тәжірибелерінің нәтижелеріменн және 2 курс білім алушыларына арналған шеберлік сағаттарын өткізу арқылы өз жетістіктерін көрсетіп, мектепке дейінгі мекемелердегі жұмыс қорытындыларын көрсетті. Конференция қорытындысы бойынша қорытындылар, ұсыныстар жасалды.

Бұл конференция мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелерінде білім алушылардың құзыреттілігі мен сабақтастығын, ұжымда жұмыс істей білудің бірлігін, студенттердің мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі рөліндегі кәсіби қызметке дайындығының нәтижесін көрсетті.