14 февраля 2025 11:02
Количество просмотров: 1094
2025 жылдың 13 ақпан күні Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде 0102000 «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» мамандығы, 0102033 «Білім беру ұйымының тәрбиешісі» біліктілігі бойынша 21-ББТ-1, 21-ББТ – 2 тобының «Байқау практикасы» бойынша «Бүгінгі студент – ертеңгі маман» тақырыбында қорытынды конференциясы өтті.
Конференцияға директордың оқу-өндірістік ісі бойынша орынбасары А.Р. Аубакирова, практика жетекшілері және іс-тәжірибеден өткен білім алушылар қатысты. Тәрбиеші мамандығының деңгейін көтеру мақсатында кәсіптік білім мен біліктілік, дағды мен ізденіс, іске шығармашылық мән беру, жаңашылдық пен ізгілік арқылы білім берудің сапасын жетілдіруге қойылатын талаптарды орындау негізінде білім алушылар 18 қараша мен 28 желтоқсан аралығында Өскемен қаласының ШҚО ББ Ақниет мектеп-интернаты КММ, ШҚО ББ Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты, ШҚО ББ Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған лицей-интернаты және ШҚО аудандық мектеп-интернаттары: Алтай қ., №2 арнайы, ШҚО, Зайсан ауданы, Зайсан қ. М.Дәуленов ат. мектеп-интернаты, Абай облысы, Жарма ауданы әкімдігінің «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ педагогикалық практикадан өтті.
Білім алушылар қорытынды есептерін (презентация), бейнефильм, қойылым түрінде жасап, көрме ұйымдастырды. Топ студенттері конференция соңында өз тәжірибелерімен бөлісіп, практиканың қызықты сәттерінен көрініс көрсетумен қорғау қызықты, тартымды әрі мазмұнды өтті.