8 декабря 2021 01:12
Количество просмотров: 2125
2021 жылдың 6 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздігім – баға жетпес байлығым!» атты онкүндік аясында колледжішілік «Елім менің» патриоттық әндер конкурсы өтті.
Мақсаты – білім алушылар бойында елжандылық және азаматтық сезімдерін қалыптастыру, туған елдің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Аталған іс-шараға колледж оқытушылары мен білім алушылары қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша Бас жүлдені - колледж медбикесі, оқытушы М.Ж.Омарова, студент Жумадилова Дамира; I орынды – студенттер Байдуллаева Шырай, Аханова Еркеназ, II орынды – студенттер Ринатова Ринада, Серік Аружан; II орынды – ағылшын тілі пәнінің оқытушысы А.С.Аманжолова, студент Қозыканова Фатима; III орынды – студенттер Азатханов Ернұр, Шаяхметова Амина иеленді.
Өнерлерін көрсеткен жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!