Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

«Ғажайып әдеби жаңалықтар (ашылулар)» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Круглый стол «Удивительные литературные открытия» Круглый стол «Удивительные литературные открытия»

26 февраля 2025 03:02

Количество просмотров: 1316

«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында ағымдағы айдың 25-і күні колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Аймуханбетова Гүлназ Ахметқызының ұйымдастыруымен «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің 3 – курс білім алушылары арасында «Ғажайып әдеби жаңалықтар (ашылулар)» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Ғажайып әдеби жаңалықтар – бұл әдебиет әлеміндегі ерекше шығармалар мен авторларды таныстыратын бағыт. Ол заманауи және классикалық әдебиеттегі күтпеген жаңалықтарды, шығармашылық эксперименттерді, жаңа стильдер мен форматтарды зерттеуге арналған.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар заманауи әдеби жаңалықтарды талқылап, ерекше шығармалар туралы ақпаратпен бөлісті. ҒӘЖ аясында оқырмандар мен әдебиет сүйер қауымды тың туындыларды талқылау, әдеби үдерістегі жаңа трендтермен таныстыру мақсатында білім алушылар бірнеше баяндамалар жасады.

Дөңгелек үстел жұмысының білім алушыларға әдебиетті жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беріп, шығармашылық ой-өрістерін кеңейте түсуге мүмкіндігі зор деп сенеміз.