3 октября 2025 01:10
Количество просмотров: 209
Колледжде ұрпақтар сабақтастығын нығайту, рухани-мәдени дәстүрлерді орнықтыру, сондай-ақ қауымдастық пен мұраға деген сезімді қалыптастыру мақсатында «Болашаққа хат» мәдени-тарихи жоба ұйымдастырылып өткізілді.
Жоба аясында колледж қызметкерлері мен студенттері алдағы бес жылға арналған арман-мақсаттары мен тілектерін, сондай-ақ болашақ студенттерге арнаған жүрекжарды хаттарын жазып, арнайы әзірленген уақыт капсуласына салды.
Салтанатты іс-шарадан кейін капсула ресми түрде жабылып, оның бетіне ашылатын күні көрсетілген, сондай-ақ кері санақты бақылауға мүмкіндік беретін QR-код орнатылды.
Болашақ ұрпаққа жол тартқан үміт пен сенімнің символына айналған бұл капсула бүгінде оқу орнымыздың мұражайында сақтаулы тұр.