Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

ТжКБ әуені

2 октября 2025 04:10

Количество просмотров: 206


Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күніне арналған кәсіби мерекені атап өту тұжырымдамасына сәйкес ұйымдастырылған «ТжКБ әуені» атты ауқымды онлайн бастамаға оқу орнымыз ерекше белсенділікпен атсалысты.

Аталмыш жоба аясында колледжіміздің әнұраны жазылып, мазмұнды бейнебаян түсірілді. Бұл шығарма – оқу ордамыздың дара жолын, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі зор үлесін, сонымен қатар, шәкірт жүрегіне жол тауып, олардың болашағына бағыт-бағдар сілтеп жүрген ұстаздардың биік мәртебесін көркем түрде бейнелейтін рухани туындыға айналды.

Әнұранда колледжіміздің қоғам дамуындағы маңызы, білім мен өнердің, тәжірибе мен шеберліктің ұштасқан ордасы ретіндегі рөлі көрініс тапты. Сондай-ақ, білімнің шамшырағы болған ұстаздардың бейнесі – ізгілік пен парасаттың символы ретінде айқын сипатталған.

#ТжКБәуені