Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Дәріс: «Сыбайлас жемқорлық және авторлық құқықты қорғау»

Лекция: «Коррупция и защита авторских прав» Лекция: «Коррупция и защита авторских прав» Лекция: «Коррупция и защита авторских прав»

12 ноября 2025 02:11

Количество просмотров: 107


2025 жылдың 12 қарашасында колледж студенттері Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары бөлімі басшысы Г.С.Сарбасова және осы бөлімнің жетекші маманы Ш.К. Журагатова қатысқан танымдық кездесуге қатысты. Шара «Сыбайлас жемқорлық және авторлық құқықты қорғау» тақырыбына арналды.

Кездесу барысында мамандар сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен жеке тұлға үшін қандай қауіп төндіретіні, оның алдын алу тетіктері туралы жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар авторлық құқықтың мәні, шығармашылық өнімді заңды қорғау жолдары, плагиаттың зияны мен құқықтық жауапкершілігі жайлы нақты деректер мен мысалдар келтірілді.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, зияткерлік меншік саласындағы өз құқықтары мен міндеттері туралы тың ақпарат алды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, әділдік пен адалдық құндылықтарын қалыптастыруға зор үлес қосады.