Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Сыр-сұхбат

Сыр-сұхбат Сыр-сұхбат

12 ноября 2025 02:11

Количество просмотров: 525

2025 жылдың 12 қарашасы күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» пән бірлестігі оқытушыларының ұйымдастыруымен Қ.Бітібаеваның 80 жылдық мерейтойына орай «Абай тағылымы – Қанипа Бітібаева мектебінің темірқазығы» тақырыбында сыр-сұхбат өткізілді.

Кездесуге Қанипа Бітібаеваның сіңілісі, оқу орнымыздың ардагер ұстазы Жаңыл Омарғалиқызы қатысып, апайының ұстаздық өмірінен, шәкірт тәрбиесіндегі ұстанымдары мен адами қасиеттерінен сыр шертті. Ол Қанипа Омарғалиқызының еңбекқорлығы, ізденімпаздығы және жастарға деген сенімі туралы жылы естеліктерімен бөлісті.

Шара барысында Қанипа Бітібаеваның шәкірті, колледж оқытушысы Ж.О. Даутова ұстазының жаңашыл оқыту технологиясына тоқталып, Қанипа Омарғалиқызының білім беру жүйесіне қосқан өлшеусіз еңбегі мен әдістемелік жаңашылдығы туралы кеңінен әңгімеледі. Сондай-ақ ол ұлағатты ұстаздың шәкірттеріне деген ерекше қамқорлығы мен сенімін, олардың бүгінгі таңда әр салада жетістікке жетіп жүргенін мақтанышпен атап өтті.

Іс-шара жылы да әсерлі атмосферада өтіп, қатысушылар Қанипа Бітібаеваның тұлғалық болмысы мен педагогикалық мұрасының маңыздылығын тағы бір мәрте сезінді.