Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

«Жас көшбасшылар – 2021» жазғы мектебі 2-маусым

Летняя «Школа молодых лидеров – 2021» 2 сезон Летняя «Школа молодых лидеров – 2021» 2 сезон Летняя «Школа молодых лидеров – 2021» 2 сезон Летняя «Школа молодых лидеров – 2021» 2 сезон Летняя «Школа молодых лидеров – 2021» 2 сезон Летняя «Школа молодых лидеров – 2021» 2 сезон Летняя «Школа молодых лидеров – 2021» 2 сезон Летняя «Школа молодых лидеров – 2021» 2 сезон Летняя «Школа молодых лидеров – 2021» 2 сезон Летняя «Школа молодых лидеров – 2021» 2 сезон

27 июля 2021 03:07

Количество просмотров: 1357

Оқу орнымыздың Катонқарағай ауданы Свинчатка ауылында орналасқан оқу және өндірістік практика базасында    21 шілдеден 27 шілде аралығында «Жас көшбасшылар – 2021» жазғы мектебінің екінші маусымы ұйымдастырылды. Бірінші маусымда Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенттері демалса, екінші маусымда облысымыздың түкпір-түкпірінен келген колледж студенттері демалды.

         Әр аймақтан келген студенттер үшін жас көшбасшылар жазғы мектебінде демалу – мәртебе десек те болады. Себебі, Жас көшбасшылар жазғы мектебінде жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқу үздіктері демалуға мүмкіндік алды.

Жас көшбасшылар жазғы мектебінде өткізілген әр күн демалушыларға ұмытылмас әсер қалдырды. Студенттер барлық шараларға белсене қатысып, әр күндерін қызықты өткізді.

«Танысу кеші», «Нептун» күні, «Таза жағалау» акциясы, «Караоке шоу» бағдарламасы, «Турград» квест сайысы, «Эрудит шоу», волейболдан турнир, іскерлік ойындар, тренингтер т.с.с. іс-шаралар ұмытылмас естеліктер қалдырып, демалушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.

«Жас көшбасшылар жазғы мектебі» студенттер бойында көшбасшылық қабілеттерін арттырып, ұжымдық рухты қалыптасуына ықпал етті, сонымен қатар білім алушыларға жағымды психологиялық ахуал туғызу арқылы еркін пікір алмасуға мүмкіндік берді.

Катонқарағай ауданының әсем табиғаты аясында өткен демалыс күндері студенттерге ұмытылмас сәттер сыйлады. «Жас көшбасшылар жазғы мектебінің» соңғы күні «Эко мода», «Ханзада мен ханшайым – 2021» байқаулары өткізіліп, қорытынды жасалды. Жеңімпаздар мен жазғы мектептің қатысушыларына дипломдар, мадақтамалар, алғысхаттар табысталды. Жас көшбасшылар жазғы мектебінің жабылу салтанатынан кейін кешке қоштасу алауы айналасында студенттер бір-бірімен жазғы мектепте өткізген қызықты күндерін еске ала отырып, қимастықпен қош айтысты.