Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

Жас көшбасшылар жазғы мектебі

Летняя школа молодых лидеров Летняя школа молодых лидеров Летняя школа молодых лидеров Летняя школа молодых лидеров Летняя школа молодых лидеров Летняя школа молодых лидеров Летняя школа молодых лидеров Летняя школа молодых лидеров Летняя школа молодых лидеров Летняя школа молодых лидеров

19 июля 2021 05:07

Количество просмотров: 1320

Биылғы жылы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің оқу-өндірістік базасында «Жас көшбасшылар жазғы мектебі» алғаш рет жұмысын бастады. 12 шілдеден 18 шілде аралығында жұмыс жасаған Жас көшбасшылар мектебінің мақсаты – белсенді студенттерді анықтап, олардың көшбасшылық қабілеттерін одан әрі дамытуға жол ашу.

Практика базасы жұмысының негізгі бағытының бірі - колледжде оқитын жетім балалар және аз қамтылған, көп балалы отбасыларының балалары үшін жазғы демалысын ұйымдастыру.

Жас көшбасшылар жазғы мектебінде өткізілген әр күннің өзіндік ерекшелігі болды. Балалар тәлімгерлер ұйымдастырған әртүрлі шараларға белсене қатысып, эмоцияға толы демалыс күндерін өткізді. Іс-шаралар да алуан түрлі болды, атап айтсақ, «Танысу кеші», «Квест» ойыны, «Нептун» күні, «Ханзада мен ханшайым» байқауы, «Караоке шоу» бағдарламасы, «Көңілді старттар» спорттық жарыс, т.с.с.

Құпияға толы Берел қорғандарына саяхат барысында демалушы студенттер Берел қорғандары туралы ғана емес, сонымен қатар, жалпы Катонқарағай ауданының тарихы, көрікті жерлері туралы мағлұматтар алып қайтты. Шыңғыстай ауылында орналасқан «Оралхан Бөкей» мұражайы да студенттерге ерекше әсер қалдырды.

Катонқарағай ауданының әсем табиғаты аясында өткен демалыс күндері студенттерге ұмытылмас сәттер сыйлады. Демалушылар соңғы күні қимастықпен қош айтысты. Осындай толыққанды демалысты ұйымдастыруға демеуші болған студенттердің кәсіподақ ұйымына және «Центр Кредит Банк» басшысы Меңдібаева Зульфия Рашидовнаға алғыс білдіреміз!