7 октября 2024 03:10
Количество просмотров: 1029
2024 жылдың 4 қазаны күні Педагогтардің кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні қарсаңында «Ертіс концерт» залында өткен салтанатты жиында оқу орнымыз Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындарының 2023-2024 оқу жылындағы рейтинг қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының «Үздік колледжі» атанды.
Сонымен қатар аталған салтанатты жиында «Үздік педагог – 2018», Информатика және арнай пәндер оқытушысы Касенова Айша Амангелдіқызы Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Колледж ұжымын және Айша Амангелдіқызын шын жүректен құттықтаймыз!