8 октября 2024 03:10
Количество просмотров: 1652
2024 жылдың 7 қазаны күні оқу орнымызда Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында спорт саласының «Дене тәрбиесі және спорт» құзіреттілігі бойынша кәсіби шеберліктің республикалық конкурсының облыстық кезеңінің ашылу салтанаты өтті.
Конкурстың мақсаты – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының талантты, дарынды, шығармашыл педагогтерін анықтау, қолдау, тәжірибе алмасу.
Сайысқа қатысу үшін облысымыздан 7 оқытушы өтінім білдірді. Іс-шара барысында сарапшылар құрамы таныстырылды.
Байқау кезеңдері: І кезең – тестілеу, ІІ кезең - дене тәрбиесінен заманауи сабақ өткізу, ІІІ кезең - «Өз ісінің шебері» техникалық жаттығуларды орындау, IV кезең - Президенттік тест нормативтері бойынша «Спорт түрлері бойынша жарыстар»
Байқауға қатысатын оқытушыларға сәттілік тілейміз.