30 сентября 2025 02:09
Количество просмотров: 174
2025 жылдың 30 қыркүйегінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің мәртебесін арттыру және мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Өскемен қаласының №45 орта бейімдік мектебі мен №50 жалпы білім беретін мектебінің 8-9 сынып оқушыларына «Шеберлік құпиялары» атты шеберлік-сыныбы ұйымдастырылды.
Өз білімдерін мектеп оқушыларымен бөлісу мақсатында оқу орнымыздың «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің білім алушылары Ұланқадырова Аружан, Еркін Әмина шеберлік-сыныбының спикерлері ретінде «Шет тілін жылдам үйренудің 5 жолы», тақырыбы бойынша тиімді-әдіс-тәсілдермен бөлісті.
#біздіңТжКБ #біздіңШебер #нашеТиПО