30 сентября 2025 02:09
Количество просмотров: 293
2025 жылдың 30 қыркүйегі күні колледждің «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің 4-курс студенті, дебат клубының президенті Шәріпханова Ақбота техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің мәртебесін арттыруға әрі мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беруге бағытталған игі бастамаға атсалысты.
Осы мақсатта ол Өскемен қаласы әкімдігінің №45 орта бейімдік мектебі мен №50 жалпы білім беретін мектебінің 8–9 сынып оқушыларына арналған «Шеберлік құпиялары» атты шеберлік сағатын өткізді.
Іс-шара барысында Ақбота оқушыларға дебат өнерінің қыр-сыры жөнінде құнды мәліметтер ұсынып, «Дебат ұйымдастырудағы шеберлік» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Оның мазмұнды да тартымды дәрісі жасөспірімдердің сыни ойлауын дамытып қана қоймай, болашақ мамандық таңдауда сенімді қадам жасауға жігерлендірді.
#біздіңТжКБ#РахметШебер#нашеТиПО