21 апреля 2026 06:04
Количество просмотров: 11
2026 жылдың 21 сәуірі күні «Педагогика және психология» пән бірлестігінің апталық жоспарына сәйкес директордың оқу-әдістемелік бірлестігі жөніндегі орынбасары Ж.Е.Жайлибаева, колледж әдіскері А.Е.Бекшойнова ұйымдастыруымен оқытушыларға арналған «STEM Lab: тәжірибе және инновация» тақырыбында әдістемелік семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – білім беру үдерісіне STEM технологияларын тиімді енгізу, оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және заманауи оқыту әдістерімен тәжірибе алмасу.
Іс-шара барысында қатысушылар STEM бағытындағы инновациялық тәсілдермен танысып, тәжірибелік тапсырмалар орындап, өзара пікір алмасу арқылы жаңа идеялармен бөлісті. Сонымен қатар, білім берудегі интеграцияланған тәсілдердің тиімділігі талқыланып, практикалық жұмыстар арқылы оның артықшылықтары көрсетілді.
Семинар мазмұнды әрі нәтижелі өтіп, оқытушыларға жаңа серпін беріп, кәсіби дамуына оң ықпал етті.