Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:

 

Студенттік Ассамлея ойындары

Ассамблеевские студенческие игры Ассамблеевские студенческие игры Ассамблеевские студенческие игры Ассамблеевские студенческие игры Ассамблеевские студенческие игры Ассамблеевские студенческие игры Ассамблеевские студенческие игры Ассамблеевские студенческие игры

22 апреля 2026 03:04

Количество просмотров: 10


2026 жылдың 22 сәуірінде колледжде 1-курс білім алушылары арасында студенттік Ассамблея ойындары өтті. Шараның мақсаты – белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, студенттік бастамаларды дамыту, этномәдени құндылықтарды насихаттау, табиғатқа ұқыпты қарауды дәріптеу, сондай-ақ Қазақстан халықтарының мәдениеті мен тарихына қызығушылықты арттыру.
Ойын екі кезеңнен тұрды: «Таза ойындар» кезеңінде әр топтан құралған командалар колледжге жақын аумақта қоқыс жинады. Ал «Этно-квест» зияткерлік-қозғалыс ойынында студенттер Қазақстан халықтарының мәдениеті, салт-дәстүрі мен тарихы бойынша білімдерін сынады.
Қорытынды бойынша:
1-орын – 25-ДТ-1 тобы
2-орын – 25-ШТ-1 тобы
3-орын – 25-ФК-1 тобы
Сонымен қатар, қатысушыларға түрлі номинациялар табысталды.
Ойындардың ашылу салтанатына ерекше қонақтар ретінде Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Юнусов Равиль Александрович және №30 орта мектептің би тобы қатысты.