4 апреля 2022 04:04
Количество просмотров: 1906
2022 жылдың 31 наурызы күні Нұр-Сұлтан қаласында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және Үздік студенттер академиясының ұйымдастыруымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының студенттері арасында өткізілген «ТМД-ның үздік студенті» халықаралық байқауы өтті.
Аталған байқауда колледжіміздің «Негізгі орта білім беру» мамандығы, «Шетел тілі мұғалімі» біліктілігінің 3-курс студенті Касенова Жанерке Хабралықызы І дәрежелі Дипломмен марапатталып, жеңімпаз атанды. Ғылыми жетекшісі – қоғамдық пәндер оқытушысы Д.Эльчибаева.
Жеңімпаз студентімізді және жетекшісін жеңістерімен құттықтаймыз!