4 апреля 2022 05:04
Количество просмотров: 1741
Оқу орнымызда 28.03.22 – 08.04.22 аралығында бітіруші топтар арасында «Дипломалды практика» бойынша қорытынды конференциялар өтуде.
Қорытынды конференциялар «Бастауыш білім беру», «Негізгі орта білім беру», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтары бойынша ұйымдастырылуда.
Конференцияда бітіруші түлектер «Дипломалды практикасы» барысында өз жетістіктерімен бөлісіп, кездескен қиыншылықтар, қызықты сәттер айтылып, байқау практикасымен салыстыра отырып, іскерліктері жайлы ой бөлісті.
Мектеп әкімшілігі тарапынан берілген мінездемелер мен пікірлерде коллледждің бітіруші түлектерінің колледжде алған теориялық, әдістемелік, практикалық білім, іскерлік дағдыларының жоғары дәрежеде екендігін атап көрсетілуде.