19 мая 2026 02:05
Количество просмотров: 6
2026 жылдың 19 мамыр күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Достық көпірі» атты облыстық іс-шара өтті. Аталған шара аясында студенттер Шығыс Қазақстан облыстық зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана оқырмандарымен жылы әрі тағылымды кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттер көру қабілеті бұзылған жандардың өмірімен жақынырақ танысып, олардың қызығушылықтары, хоббилері, күнделікті өмірдегі қиындықтары мен жетістіктері туралы мол мағлұмат алды. Әсіресе, қоғамдағы қолдау көрсету, инклюзивті ортаны қалыптастыру және адамгершілік құндылықтардың маңыздылығы жөнінде маңызды әңгімелер өрбіді.
Кітапхана қонақтары өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, кітап пен кітапхананың олардың өміріндегі ерекше орны туралы әсерлі әңгімелер айтты. Сонымен қатар, көру мүмкіндігінің шектеулі болуы белсенді қоғамдық және шығармашылық өмір сүруге кедергі келтірмейтінін дәлелдеп, студенттерге үлкен мотивация сыйлады.
Іс-шара қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, мейірімділік, сыйластық және өзара қолдау секілді құндылықтарды дәріптеуге ықпал етті.