18 мая 2026 07:05
Количество просмотров: 8
Оқу орнымыздың студент-волонтерлері өңірдегі көптеген маңызды іс-шараларға қатысып, оларды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді түрде көмектесіп келеді.
2026 жылдың18 мамыр күні колледж еріктілері «WorldSkills Shygys – 2026» чемпионатының салтанатты ашылу рәсімін өткізуге белсене атсалысты. Қатысушылар облыстағы әрбір оқу орнының туын мақтанышпен алып шығып, чемпионат қатысушыларына құрмет көрсетті.
Олар мерекелік атмосфера қалыптастырып, бұл іс-шараның өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі үшін маңыздылығын ерекше айқындай түсті.