19 февраля 2026 07:02
Количество просмотров: 92
2025 жылдың 19 ақпаны күні ШҚО Спартакиадасының Ұлттық лигасы аясында ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім беру) оқу орындарының студент қыздары арасында өткен «Бес асық» жарысы өз мәресіне жетті.
Тартысты өткен додада Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің құрама командасы үздік ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі І орынды иеленді!
Команданың жеңіске жетуіне қажымай еңбек етіп, бағыт-бағдар берген білікті жаттықтырушы А.К. Мергенбаева Ұлттық құндылықты ұлықтап, спортта биік белестерді бағындырған аруларымыз бен жаттықтырушымызды шын жүректен құттықтаймыз!