17 февраля 2026 11:02
Количество просмотров: 221
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде ағымдағы жылдың 5-13 ақпан аралығында 01120100 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»; 01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»; 01140500 «Дене тәрбиесі және спорт»; 01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» 4S 01140605 «Шетел тілі мұғалімі»; «Орыс тілі және әдебиеті мұғалімі» біліктіліктері және 01140700 «Информатика» мамандықтарының 4-курс студенттері арасында дәстүрлі «Шеберлік пен Шығармашылық – 2026» кәсіптік шеберлік байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты: Болашақ мамандардың оқу барысында алған теориялық білімдерін іс жүзінде көрсетуіне мүмкіндік беру, практикалық дағдыларын саралау және кәсіби құзыреттіліктерін арттыру.
Бітіруші курс студенттері үшін бұл дода – мамандық әлеміне жасалған маңызды қадамдардың бірі. Олар байқау барысында заманауи педагогикалық технологияларды меңгеру деңгейін, сабақ жоспарлау шеберлігін және аудиториямен жұмыс істеу қабілеттерін паш етті. Болашақ мұғалімдердің шеберлігін бағалауға қаламыздың балабақшалары мен мектептерінен ең тәжірибелі, білікті, әрі өз ісінің шеберлері шақырылды. Тәжірибелі ұстаздар студенттердің көрсеткен нәтижелеріне кәсіби тұрғыдан талдау жасап, әділ бағаларын берді.Байқау соңында үздік деп танылған студенттер марапатталып, тәжірибелі мамандардан бағалы кеңестер алды. Тәжірибелі ұстаздардың пікірі болашақ мамандардың кәсіби өсуіне жаңа серпін беріп, олардың өз мамандығына деген сенімін нығайта түсті.
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі әкімшілігі байқауға атсалысып, болашақ мамандарды қолдауға келген қала мектептерінің ұстаздары мен қала балабақшаларының білікті мамандарына шынайы алғысын білдіреді.
Біздің мақсатымыз – еліміздің білім беру саласына бәсекеге қабілетті, өз ісінің нағыз шеберлерін даярлау!