29 апреля 2022 03:04
Количество просмотров: 1972
2022 жылдың 28 және 29 сәуірінде колледжге Фулбрайт бағдарламасының стипендиаты және ҚАЕУ зерттеушісі Д.Вилсон, Фулбрайт бағдарламасының стипендиаты және ҚАЕУ ағылшын тілінің ассистент-оқытушысы Д.Боскет, ҚАЕУ студенті И.Куглер келді, ой-өрістері терең, коммуникативті, әзіл-қалжыңдары жарасқан тіл тасымалдаушыларын біздің студенттеріміз бірден жылы қабылдады.
Шетелдік қонақтар біздің студенттердің барлық сұрақтарына түсінікті әзіл де жеңіл тілмен жауап берді.
«Тілдер және әдебиет» бөлімінің студенттері кездесуден ерекше әсер алып, белсене қатысты. Мұндай кездесулердің артықшылығы, әрине, білім беру процесін тартымды етіп, ағылшын тілін үйренуге деген ынтаны арттырады, балаларға өздеріне және өз мүмкіндіктеріне сенуге көмектеседі, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыта отырып, білім алушылардың дүниетанымын кеңейтіп, әңгімелесушіні тыңдауға және оны түсінуге үйретеді.
Осындай кездесулер білім алушыларға жағымды әсер етіп, тілдік кедергілерді еңсеруге ерекше ықпал ететіні сөзсіз.