Цветовая схема:
C C C C
Шрифт
Arial Times New Roman
Размер шрифта
A A A
Кернинг
1 2 3
Изображения:
  • г. Усть-Каменогорск, ул. Қанипа Бітібаева, 1
  • +7 (7232) 41-11-55, +7(7232)540115
  • vkgk@mail.ru

Жаңалықтар

Ашық есіктер күні

День открытых дверей День открытых дверей День открытых дверей День открытых дверей День открытых дверей День открытых дверей День открытых дверей День открытых дверей День открытых дверей День открытых дверей День открытых дверей

29 апреля 2022 05:04

Количество просмотров: 789

2022 жылдың 29 сәуірі күні колледжде ашық есік күні өтті. Мектеп түлектері біздің оқу орнымыздың мамандықтарымен, оқуға түсу ережелерімен және оқу шарттарымен танысты, материалдық-техникалық базасы көрсетілді. Талапкерлер оқу орнына түсу үшін қажетті әрі маңызды ақпараттармен танысып қана қоймай, біздің білім беру бағдарламамыздың бағытынан да хабардар болды.

Ашық есік күні – біздің колледж үшін нағыз мереке.  Оқытушылар да студенттер де талапкерлерді жылы қарсы алып, оларды толғандырған барлық сұрақтарына жауап берді.

Оқу орнының қызметкерлері мен студенттері талапкерлерге оқу орнына түскеннен кейінгі өмірлері мен оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Талапкерлерге мазмұнды презентациялар, фильмдер және маман дайындау бағыттары мен білім беру бағдарламалары көрсетілді.

Мамандықтардың таныстырылымынан кейін оқу орнының білім алушылары талапкерлерге зейіні мен зердесін шыңдайтын интерактивті ойындар ойнатты.

Ашық есіктер күнін ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!