15 апреля 2026 12:04
Количество просмотров: 33
Қоғамда қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру, вандализмнің алдын алу және құқықтық сананы арттыру мақсатында 2026 жылдың15 сәуірі күні «Аманат» партиясының жастар қанаты және оқу орнымыздағы «Жастар рухы» ұйымының ұйымдастыруымен дебат турнирі ұйымдастырылды.
Дебат барысында қатысушылар өз ойларын еркін білдіріп, өзекті мәселелерді талқылап, дәлелді пікір айту дағдыларын көрсетті.
Пікірсайыс тартысты әрі мазмұнды өтіп, қатысушылар арасында достық әрі қызықты атмосфера қалыптасты. Бұл шара жастардың құқықтық мәдениетін арттырып, қоғамдық жауапкершілікке баулуға бағытталды.